asemkhan - kazakh alakanan uşkan akkuvvum

"Белгілі" - Әсемхан Ғибадат қызы Асқар Татанай ұлы - Ақын, жазушы. * ____БЕЛГІЛІ_____ Елдің қайсы елдігі, Береке мен бірлігі. Ердің қайсы ерлігі, Өзгеден еті тірілігі. Еселесіп сөйлескен, Терезенің теңдігі. Насихаты мендегі, Неменеден белгілі. Алатыны құданың, Көлбеуінен белгілі. Азатұғын ағайын, Келмеуінен белгілі. Жердің өнім беруі, Өңдеуінен белгілі. Өсетіні малыңның, Төлдеуінен белгілі. Қақ тұрмаған қазаның, Ернеуінен белгілі. Жақтырмаған адамның, Тергеуінен белгілі. Олақтығы олақтың, жөрмеуінен белгілі. Кигіз үйі салақтың, Белдеуінен белгілі. Боз өкпенің бойкүез, Белбеуінен белгілі. Жалқаулығы ісінің, Өнбеуінен белгілі. Жағымпаздың мақтаны, Меңзеуінен белгілі. Өзімшілдің өзгені, Көрмеуінен белгілі. Шабандығы атыңның, Желмеуінен белгілі. Өркөкірек өз сөзін, Жөндеуінен белгілі. Ақындығы ақынның, Асылдығы ақылдың, Артта қалған нақылдың, Өлмеуінен белгілі. Ақындығы ақынның, Асылдығы ақылдың, Артта қалған нақылдың, Өлмеуінен белгілі.